Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы » «С.Көбеев атындағы N56 жалпы орта білім беретін мектебі»
Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"С.Көбеев атындағы №56 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 55-32-22
Сенім телефоны:
+7(7252) 55-32-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
март
2024

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

Шымкент қаласының білім

басқармасының«С.Көбеев атындағы

№56 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

160015 Шымкент қ, Ғ.Ғұлам, 37

Тел./факс 8(7252) 55-32-22

Е-mail: shcola56@bk.ru

Коммунальное государственное

учреждение «Общеобразовательная

средняя школа  №56 имени     С.Кобеева»

управление образования города Шымкент

160015  г. Шымкент, ул. Г.Гулам, 37

Тел./факс 8(7252) 55-32-22

Е-mailshcola56@bk.ru

  _____________________________________________________________________________________         

ХАТТАМА                                                                                                          ПРОТОКОЛ

25.08.2023                                                                              

 Шымкент қаласы                                                             город   Шымкент


                          Қамқоршылық кеңес қызметі отырысының 

                                                         хаттамасы №1


Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері    

                                                                      Қатысқандар-32                                                                                                                   

КҮН ТӘРТІБІ

  1. 2023-2024 оқу жылына Қамқоршылық кеңесті сайлау. Қамқоршылық кеңестің тізбесін қалыптастыру. Қамқоршылық кеңестің төрағасын, хатшысын сайлау.
  2. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын талқылау, бекіту
  3. «Мектепке жол» акциясына қатысу

               ТЫҢДАЛДЫ: Мектеп директоры  Мамешова Ұлған апай сөз алып, «С.Көбеев атындағы №56 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі 2023 жылы сайланатын «Қамқоршылық» кеңесінің мүшелігіне өтініш білдірген азаматтар тізімін атап өтті. Өтініштері бойынша тізімбегі азаматтар мектебіміздің қамқоршылық мүшелері болып сайланды: 

Аты-жөні

Жұмыс орны

ЖСН 

Туылған күні айы жылы

Телефон нөмірі

Қызметі

1

Нуржаев Марат Усманалиевич 

ТОО «Нур Осман» депутат 

жергілікті өкілдік)

770117302031

17.01.1977

8701-333-33-31

мүшесі

2

Полатов Рустам Октамович 

Абай аудандық акиматта әліскері 

921130300309

30.11.1992

8702-693-00-04

мүшесі

3

Пернекулова Венера Егембердиевна 

әлеуметтік бөлімінің маманы 

730126400717

26.01.1973

8701-335-06-54

мүшесі

4

Мансуров Ирисбек Артыкович 

(қайырымдылық жасаушылар) Демеуші 

881205301891

05.12.1988

8707-647-19-19

мүшесі

5

Аманкулов Исмайл Маханович 

ТОО «Строй сервис» компаниясында охрана   

(ата-ана) 

630312301878

12.03.1963

8705-346-36-16

мүшесі

6

Божбанов Жорабек Панабекович 

Зейнеткер 

(Ата-ана )

611110303101

10.11.1961

8701-269-92-02

мүшесі

7

Камалов Ержан Джамалович 

Зейнеткер 

 (Ата-ана) 

681020300547

20.10.1968

8778-947-81-04

мүшесі

8

Хасанов Жумабай Юнусович 

«Мұрагер» бітімгершілік шартты әскери күшінің ардагері. Қоғам белсендісі 

580401303360

01.04.1958

8778-1520003

төрағасы

9

Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы 

Жеке кәсіпкер (демеуші)

911206300082

06.12.1991

8701-777-30-17

мүшесі


 Мектеп директоры  Мамешова Ұлған апай сөз алып, «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасыларынан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №255 Қаулысын негізге ала отырып, «Міндетті білім қорынан»  қарастырылған қаржы туралы сілтемесіне мектептегі аз қамтылған отбасынан шыққан 486 оқушыға қаржы бөлінгенін   айта келе  жалғасатынын айтып өтті. Осы оқу жылында жалпы саны-737 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінін айтты, Қаулыда көрсетілген санаттағы оқушыларды ғана ыстық тамақпен қамтамасыз ету керек екендігін ескертті, кеңес мүшелері әлеуметтік педагог қызметін уақытша атқарушы А.Оңласбектен құжаттары талапқа сай келетін оқушылардың құжаттарын Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне 812-ге жуық өтініштің түскендігін көрсетіп, ұсынды. 

Сөз алғандар: Қамқоршылық кеңес қызметінің мүшесі Божбанов Жорабек Панабекович сөз алып, өтініш берген азаматтар арасынан қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып Хасанов Жумабай Юнусович  болып бір ауыздан тағайындалды. Хатшысы математика пәні мұғалімі Ұ.Сабыр Тағайындалды. 

Қамқоршылық кеңесінің  жұмыс  жоспары түзіліп бірауыздан бекітілді. Жұмыс жоспары төмендегідей бекітілді:

Отырысы

Мерзімі

Жауаптылар

11

Қамқоршылық кеңесінің отырысы №1

  1.  2023-2024 оқу жылына Қамқоршылық кеңесті сайлау. Қамқоршылық кеңестің тізбесін қалыптастыру. Қамқоршылық кеңестің төрағасын, хатшысын сайлау.
  2. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын талқылау, бекіту
  3. .«Мектепке жол» акциясына қатысу

Қырқүйек

 Қамқоршылық кеңестің төрайымы, мектеп директоры

2

Қамқоршылық кеңесінің отырысы №2

  1. Мектеп директорының білім беру ұйымдарының қызметі туралы білім беру қызметтерін сапалы ұсыну, қайырымдылық көмекті пайдалану туралы есебі.
  2. ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс – шараларына қатысу
  3. Мектепте балаларға арналған жаңа жылдық мерекелерді ұйымдастыру және өткізу

Желтоқсан

Қамқоршылық кеңестің төрайымы, мектеп директоры

3

Қамқоршылық кеңесінің отырысы №3

  1. Наурыз мейрамдарын, Жеңіс күнін, соңғы қоңырау мерекесін, үздік оқушылар шеруін, көктемгі демалыстағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
  2. Мектепті ағымдағы жылда жөндеуді ұйымдастыру және жаңа оқу жылына дайындау туралы. 
  3. Мектепті абаттандыру бойынша жұмысты ұйымдастыру

Наурыз

Қамқоршылық кеңестің төрайымы, мектеп директоры

4

Қамқоршылық кеңесінің отырысы №4

  1. Мектеп директорының білім беру ұйымының бір жылдағы қызметі туралы есебі: білім сапасы, оқушылардың сыныптан тыс және бос уақыты. 
  2. Қамқоршылық кеңес төрағасының есебі: ағымдағы кезеңдегі қаржы қаражатының түсуі және игерілуі

Шілде

Қамқоршылық кеңестің төрайымы, мектеп директоры


Сөз алғандар: Қамқоршылық кеңес қызметінің төрағасы  Хасанов Жумабай Юнусович сөз алып, «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі№198 бұйрығына 6-қосымша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының,облыстық маңызына ие аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі –көрсетілген қызметті беруші) көрсетеді. Аталған қызмет қалалық білім басқармасы тарапынан беріледі, осы құжатқа байланысты мемлекеттік қызметті алушы ретінде үміткер мектептің ата-аналарына хабарландырулар беріліп,түсіндірмелік жұмыстары жүргізілді, -деп айтып өтті.  

Мемлекеттік қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі берілді.

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2- қосымша  сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін қажет);

3 )бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін  не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);

4) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

6)алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы,жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен,мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар үшін балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);

7) отбасында тәрбиеленетін жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық (қорғаншылық) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

8) отбасының материалдық –тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың көшірмесі.

Сөз алғандар: Қамқоршылық  кеңес қызметінің мүшесі Камалов Ержан өз сөзінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына  тегін және жеңілдетілген тамақтандыру қызметін алу үшін Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына  6-қосымша сының 5,6,7, пунктеріне сәйкес құжаттарын жинақтап өткізе алмайтын отбасылардың осы қосымшаның 8- пунктіне сәйкес материалдық –тұрмыстық ахуалын зерделеу жұмыстары жүргізілді,  ұсынған қосымша құжаттары негізінде анықталған балалар қызметті алуға үміткер ретінде тізімге ену үшін білім беру ұйымдарының алқалық органының тұрмысы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққаны туралы шешімі қажет екендігі жөнінде айтты. 

Сөз алғандар: Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Дүйсенбиева Кулайша сөз алып  С.Көбеев №56 жалпы орта білім беретін мектебінің  ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ туралы айтып өтті:

1.Шымкент қаласы С.Көбеев № 56 жалпы орта білім беретін мектебі   коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ішкі тәртіп Ережесі (ары қарай Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі, ҚР «Білім туралы»,   «Неке және отбасы туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер»  туралы Заңдары мен басқа да заңдылықтарына сүйене отырып

жасалынған.

     2.Мектепішілік ішкі тәртіп ережесі С.Көбеев №56 жалпы орта білім беретін мектебі   коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүзеге асырылатын білім мен тәрбие беру процесі барысында мектеп басшылығы мен оқытушыларының,  мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарының Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген Заңдары мен басқада заңдылықтары талаптарына сәйкес мектеп ішіндегі тәртіпке қатысты міндеттерін айқындайды және ол міндеттерінің орындалу жолдарын белгілейді. 

      3.Осы мектепішілік ішкі тәртіп ережесі С.Көбеев №56 жалпы орта білім беретін мектебі   коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушыларының сыныптық жиналыстарында, сыныптық ата-аналар жиналыстарында, мектеп мұғалімдері жиналысында, қамқоршылық кеңесінде алдын-ала талқыланып, тиісті өзгерістермен толықтырулар енгізіліп, мекеменің педагогикалық кеңесімен жалпы мектептік ата-аналар комитетінің және кәсіподақ комитетінің бірлескен отырысының шешімімен бекітілгендіктен, Ереже талаптары мектеп басшылығы мен мұғалімдері, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары үшін орындалуға міндетті болып табылады.

      4.Мектеп басшылығы мен мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналары тарапынан Ереженің қандайда болсын талаптарының бұзылуы жоғарыда келтірілген Қазақстан Республикасының Заңдары мен заңдылықтары талаптарын бұзу болып табылады және заң бұзушылық ретінде шара қолдану үшін тиісті құзырлы мемлекеттік органдар қарауына ұсынылатын болады.

      5.Осы мектепішілік ішкі тәртіп ережесі С.Көбеев №56 жалпы орта білім беретін мектебі   коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жаңа ішкі тәртіп ережесі қабылданғанға дейін күшінде болады.  

2.Сабақ ұзақтығы 45 минуттан, даярлық тобы және 3-11-сынып оқушылары үшін  5 күндік оқу аптасы. 

3.Мектеп ауласындағы, І, ІІ, ІІІ қабаттағы жауапты кезекшілер азанғы смендегілер сағат 8.00 - 13.30 және түстен кейінгі смендегілер сағат 13.30 - 19.30 кезекшілікті жауапкершілікпен атқарады. 

4.Сабақ басталған соң барлық кезекші оқу кабинеттерінде қалыпты сабақ жүргізуге тыныштық пен тәртіп орнауы  тиіс. Сабақ жүріп жатқанда кабинетке кіріп немесе шығып сабақты бөлуге болмайды.

5. Мектепке ұялы телефондарды  әкелуге, сабақ үстінде пайдалануға қатаң тыйым салынады.

6.Мектеп әкімшілігі ұялы телефондар мен жеке құнды заттар жоғалған жағдайда жауап бермейді.

7. Педагог қызметкерлер және  оқушылар мектептің ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген талаптарды    орындауға міндетті.            


    IIІ. МЕКТЕП БАСШЫЛЫҒЫ  МЕН МҰҒАЛІМДЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ


1.Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік   шыңдауға бағытталған сапалы білім мен тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасауға;

2.Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыруға, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байытуға;

3.Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Халық дәстүрлерін қастерлеуге,  Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеуге;

4.Белсенді азаматтық ұстанымы бар  жеке адамды тәрбиелеуге, республиканың қоғамдық-саяси, экокономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен  міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға;

5. Отандық және әлемдік мәдениеттің  жетістіктеріне баулу, қазақ ұлты мен республикасының басқа да ұлттарының тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік тілді, басқа да тілдерді меңгеруге бейімдеуге;

6. Тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педогогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға, білім беру ұйымдарын басқарудың   алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

7. Өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;

8. Білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін орындауға;

9. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілген білім беру қызметтерінің сапасын көтеруге;

10. Білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этно-мәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

11. Білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ;

12. Педагогтік әдеп нормаларын сақтауға; 

13. Оқушылырдың және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

14. Мектептің ішкі тәртіп ережесі талаптарын мүлтіксіз орындауға және оқушылар мен ата-аналардан ішкі тәртіп ережесі  талаптарының орындалуын талап етуге;

15. Мұғалім мен білім алушының ата-аналары арасындағы ынтымақтастықты педагогикалық талаптарға сәйкес қалыптастыруға және жүзеге асыруға;

16. Мектепте іскерлік киім үлгісін ұстануға; 

17. Мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (ақша, алтын сақина, сырға, білезік, моншақ т.б.) әкелмеуге және  пайдаланбауға ;

18. Мектепке нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар, т.б.) әкелмеуге, пайдаланбауға, өзге азаматтарға соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттамауға; 

19. Мектептің ішінде ұлт аралық, рулық, жершілдік мәселелерді қозғамауға;

20..Мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиттер, аудио және  бейне таспалар және т.б.) әкелмеуге және діни тұрғыдағы киімдерді ( бас киім, хиджаб, орамал, кимешек, некап, паранжа,  ряса, митра, ермолка, т.б.) кимеуге, пайдаланбауға,  басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттамауға;

21. Мектеп оқушыларның күнделікті сабаққа қатысуын бақылауға ;

22. Мінезі ауыр оқушылармен тұрақты жеке жұмыстарды ұйымдастыруға міндетті.                                     


                                               ІV. АТА-АНАЛАРДЫҢ  МІНДЕТТЕРІ


1.Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуға, азаматтық тұрғыда қалыптасуын қамтамасыз етуге, білімі мен тәрбие сапасын    жақсартуға үлес қосуға, баланың сабақтан тыс мезгілдегі тәртібін жеке жауапкершілікке алуға;

2.Өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алуға (Бала құқықтары туралы Конвенциясының 27 бабының 2-тармақшасы);

3.Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екенін мойындауға; (Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 2-тармақшасы;)

4.«Баланы тәрбиелеуге , оны күтіп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдауға, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үй мен қамтамасыз етуге» (Қазақстан Республикасы  «Баланың құқықтары туралы» Заңының 24-бабының 2-тармақшасы );

5.Балаға алкогольді ішімдіктерді, темекіні және темекі бұйымдарын сатуға және  пайдалануға тыйым салуға; (Қазақстан Республикасы  «Балалар құқықтары туралы» Заңының 37-бабының 2-тармақшасы);

6.Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына   жәрдем көрсетуге, балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге; (Қазақстан Республикасы  «Білім туралы » Заңының 49-бабының  3, 6, 7 тармақшалары )

- білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға

 (49-баптың 3-тармағы);

- білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға (49-баптың 6-тармағы);

- білім беру ұйымында  белгіленген киім формасын сақтауға (49-баптың 7-тармағы).

7.Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтындығын орындауға;(ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы№26 бұйрығындағы 9,13-тармағы)

8. Балаларының білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауына; (Қазақстан Республикасы  «Білім туралы» Заңының 47-бабы 15-1 тармақшасы, ҚР Білім және ғылым министрінің 14.01.2016 жылғы №26 бұйрығы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы»; 

      9.Сабақ уақытында ұялы телефон, смартфон, планшет  ұстатпауға; «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы ҚРК-нің 127-бабы, 409-бабы, 2 –тармақшасы, 442-бабы);

  10. Ата-ана   оқушының мектепке келу, кету кезіндегі жол-көлік оқиғасын, бұзақылар  шабуылынан , ауа-райына байланысты қауіп-қатерден және т.б. қауіпсіздігін қамтамасыз    етуге міндетті.

11.Бастауыш сынып (дайындық тобы, 1-4 сынып) оқушыларын мектепке алып келу, алып кету жауапкершілігі толық ата-ананың міндеті;

12. Күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс және мереке күндерінде, мектептен тыс уақыттағы жол және өмір қауіпсіздігін толық    жауапкершілікпен  өз мойынына алуға;

14.Баланың кешкі сағат 22:00 ден кейін ойын-сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін үй ауласынан тыс жерге қараусыз жібермеуге;

15.Баланың көлік жүргізуіне тыйым салуға; баланың өз бетімен балық  аулауына, су жағасына, орман алаңына баруына тыйым салуға, өмір қауіпсіздігін сақтауға;

16.Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, жыныстық тәрбиесіне (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлуге;

17.Балаларының мектепте нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелуіне, пайдалануына, өзге азаматтарға, оның ішінде тәрбие алушыларға насихаттауына жол  бермеуге;

18.Балаларының  мектепке өткір, үшкір, суық қаруларды (ағаштан қашалған пышақ, концелярлық пышақ, қанжар, костет, шеге, қайшы, (еңбек сабағына қажетті  қайшының ұшы доғал және  қалпақшасы болуы тиіс ) ату құралдарын (мылтық, пистолет, газбаллондар, электрошокер т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;

19.Балаларының мектеп ішінде ұлт-аралық , рулық, жершілдік мәселеклерді қозғауына, өзгелерді кемсітуіне жол бермеуге;

20. Балаларының мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (ақша, алтын сақина, сырға, білезік, моншақ т.б)  әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;

21.Балаларының мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиеттер, аудио және бейне таспалар т.б) әкелуіне және киімдерді (бас киім, хиджаб, орамал , кимешек, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка т.б) киюіне, пайдалануына, басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттауына жол бермеуге міндетті.

22.Мектептен тыс уақытта баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға, күнделікті сабақтан кешіктірмей  толық қатыстыруға;

23.Оқушының мектепке кешікпей келуі (өз ауысымының басталуына 15 минут қалғанда) және себепсіз келмей қалу жауапкершілігі ата-анаға жүктеледі. Келеңсіз оқиғалар орын алған жағдайда, тәртіп бұзғанда  баласына қарамағаны үшін жауапты болып табылады. ҚР «Білім туралы» Заңының 49-бабы 2 тармақшасында  көрсетілген  міндеттерді орындайды. Аталған міндеттерді бұзған жағдайда «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 409-бабы 2 тармақшасына сәйкес  әкімшілік жауапқа тартылады;

24. Оқушы қандайда  бір қылмысты іске асырған жағдайда (мектепте болсын) бірінші кезекте ата-анасы жауапқа тартылатынын білуі тиіс.    

 25.Мұғаліммен тығыз байланыста болуға, тәрбиелеуде, білім алуына белсенділік таныту, «Ашық есік» күндеріне  қатысу.(Ата-аналар үшін ашық есік жұма күні) 

V. МЕКТЕП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ   МІНДЕТТЕРІ

1.Әр оқушы өз бойына Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға;

2.Онлайн сабаққа кешікпеуге

3. Сабаққа қажетті оқу-құралдарды толық әкелуге;

4. Өрт қауіпсіздігі, жол  ережелері және өмір қауіпсіздігін сақтауға;

5.Табиғатқа нұқсан келтірмей, қамқор болуға; 

6. Мектептің күнделікті ішкі тәртіп ережесін бұзбауға;

7.Сыныптастарына, жасы кішілерге күш қолданбауға, әлімжеттілік жасауға, адамның  ар-намысын қорламауға;

8. Кешкі сағат 22:00 ден кейін ойын-сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін үй ауласынан тыс жерге қараусыз бармауға;

9. Өзінің Қазақстан Республикасында тыйым салынған діндер мен діни ағымдар өкілдерімен кездесуіне, сұхбат құруына, үгіт-насихат кітаптарымен парақшаларын алуына, оқуына және таратуына қатаң тыйым салуға; 

10. Мектепке  (оқыған жағдайда) нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелмеуге, пайдаланбауға;

15.Мектепке(оқыған жағдайда)  өткір, үшкір,  суық қаруларды (ағаштан қашалған пышақ, концелярлық пышақ, қанжар, костет, шеге, қайшы, еңбек сабағына қажетті  қайшының ұшы доғал және  қалпақшасы болуы тиіс т.б) ату құралдарын (мылтық, пистолет, газбаллондар, электрошокер т.б) әкелмеуге және пайдаланбауға;

16.Мектептің ішінде(оқыған жағдайда)  ұлтаралық , рулық, жершілдік мәселелерді қозғамауға, өзгені кемсітпеуге;

17.Мектепке (оқыған жағдайда) аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (ақша, алтын сақина, сырға, білезік, моншақ, қол сағат,ақша,ұялы сымтетіктер  т.б) әкелуіне тыйым салынады. 

18. Жоғалған жағдайда әкімшілік жауап бермейді. 

19.Мектепке(оқыған жағдайда)  діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиеттер, аудио және бейне таспалар т.б) әкелмеуге және киімдерді (бас киім, хиджаб, орамал, кимешек, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка т.б) кимеуге, пайдаланбауға, басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттамауға ;

20. Сыртқы киімді гардеробқа шешуге.         

21. Мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.

                              Сөз алғандар: Қамқоршылық кеңес қызметінің мүшесі Нуржаев Марат Усманалиевич ол өз сөзінде 2023 жылдан бастап ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылар 1-4 сынып оқушылары түгел ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 5-11 сынып оқушылары арасында қамқоршылық кеңесі мүшелері арқылы іріктеп алынған оқушылар ыстық тамақпен қамтылады.


              ҰСЫНЫС: Жоғарыда аты аталған білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыру қызметін алу үшін стандарттың 8-пунктіне сәйкес тұрмысы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққаны туралы алқалық орган шешімі берілсін,-деп кеңес мүшелерінен ұсыныс берілді.

ШЕШІМ: 

  1. Жоғарыда   бекітілген білім алушыларға  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына 6-қосымшасы 8- пунктіне сәйкес тұрмысы аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққаны туралы білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну қызметі көрсетілсін.
  2. Жоғарыда айтылған 737 оқушының қажетті құжаттарының түгелдеу мектептің әлеуметтік педагогі Оңласбек Айгулге жүктелсін.
  3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің уақытылы тамақтануын мектептің әлеуметтік педагогі Оңласбек Айгул қатаң түрде  қадағаласын. 



Қамқоршылық кеңес қызметінің  төрағасы                  Хасанов Ж.Ю



Қамқоршылық кеңес қызметінің хатшысы                    Сабыр Ұлбике



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив