Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы №4
Қамқоршылық кеңес отырысының №4 хаттамасы
2023-2024 оқу жылы
Шымкент қаласының білім басқармасының «С.Көбеев атындағы
№56 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4.12.2023 жылы «С.Көбеев атындағы №56 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қамқоршылық кеңесінің» жиналысы болып өтті.
Жиналысқа қатысқандар:
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы – Ж.Хасанов
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі – Е.Камалов
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі – Ж.Божбанов
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі –В. Пернекулова
Мектеп директоры -У.Мамешова
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары – Н.Базарбаева
Әлеуметтік педагог – А.Оңласбек
Күн тәртібінде қаралған мәселе
1. 2023 жылдың Президенттік шыршаға оқушыларды қатыстыруды ұйымдастыру туралы
2. Әр түрлі мәселелер
ТЫҢДАЛДЫ: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры У.Мамешова сөз алып Шымкент қаласы білім басқармасының 01.12.2023 жылғы №10-07-07/6359 санды хатымен таныстырды.Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға арналған «Қош келдің,Жаңа Жыл!» атты жаңа жылдық шырша мерекесіне мектептегі қамқорлықтағы оқушылардың жіберілу керектігін айтты.
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Базарбаева біздің мектебімізде Президенттік шыршаны өткізу тұжырамдамасына сәйкес іс-шараға 9 жастан 13 жасқа дейінгі жетім балалар,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балар сондай-ақ оқуда,спортта,шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатарындағы оқушылар ғана қатыса алатындығы айтылды.
Қамқоршылық кенесінің мүшесі Е.Камалов өз сөзінде Президенттік шыршаға қатысатын балалар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген қамқоршылық кеңесінде қаралып оқушылардың әлеуметтік жағдайлары қатаң түрде ескерілу керектігін айтты.
Сөз кезегін алған мектептің әлеуметтік педогогы А.Оңласбек 2023-2024 оқу жылына құрылған мектептегі сыныптардың әлеуметтік төлқұжаттарын зерделей келе,жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды сынып жетекшілерінің отбасының әлеуметтік жағдайы туралы берген мәліметтеріне сүйене отырып және ұсынылған құжаттарды зерделей келе және қалалық білім басқармасының берілген жаңа жылдық шыршаға қатысатын балаларға арналған нұсқаулығына сәйкес мына төмендегі оқушылар президенттік жаңа –жылдық шыршаға қатыстыру туралы ұсыныс айтты.
Қ/с | Оқушының аты-жөні | Туған күні,айы жылы | Жасы | Сыныбы | Әлеуметтік жағдайы |
1 | Мамедова Розалина | 16.07.2014 | 9 | 3г | Қамқорлықта |
2 | Туранов Ұлан | 25.10.2013 | 10 | 4ә | Қамқорлықта |
3 | Туранова Айым | 21.12.2011 | 12 | 6а | Қамқорлықта |
ШЕШІМ:
- Президенттік жаңа-жылдық шыршаға тізімдегі оқушылар қатыстырылсын.
- Шымкент қаласының білім басқармасына оқушылардың дәлелді құжаттарын тапсыру әлеуметтік педогог А.Оңласбекке жүктелсін.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ж.Ю.Хасанов
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Е.Д.Камалов
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ж.П.Божбанов
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі В. Е.Пернекулова
Мектеп директоры У.Мамешова
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Базарбаева
Әлеуметтік педагог А.Оңласбек
Хатшы Ұ.Сабыр