Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы №2 » «С.Көбеев атындағы N56 жалпы орта білім беретін мектебі»
Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"С.Көбеев атындағы №56 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 55-32-22
Сенім телефоны:
+7(7252) 55-32-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы №2
22
декабрь
2023

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы №2

Қамқоршылық кеңес отырысының №2 хаттамасы

2023-2024 оқу жылы

 Шымкент қаласының білім басқармасының «С.Көбеев атындағы

 №56 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

28.08.2023 жылы «С.Көбеев атындағы №56 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қамқоршылық кеңесінің» жиналысы болып өтті.

Жиналысқа қатысқандар:

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы – Ж.Ю.Хасанов 

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі – Е.Д.Камалов

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі – Ж.П.Божбанов

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі –В. Е.Пернекулова

Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы -   Н.Д.Камалов 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Н.Қ.Базарбаева

Әлеуметтік педагог – А.К.Оңласбек

Күн тәртібінде қаралған мәселе

1. «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылармен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларға» қосымша материалдық (қаржылай) көмек көрсету жұмыстары қарастырылды.

2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес жыл сайынғы дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясы барысында мектеп жасындағы тұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отбасының балаларына «Жалпыға міндетті білім қорынан бөлінген бір реттік қаржыны алуға құқығы бар отбасындағы балалар санын анықтау. 

ТЫҢДАЛДЫ:1. Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Н.Камалов өз сөзінде С.Көбеев  атындағы №56 мектебіне қарасты мөлтек аудандарда тұратын мектеп жасындағы тұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы, көп балалы, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отбасының балаларын анықтап, оларға көмек көрсету керектігін айтып өтті.

2. ДОІЖО Н.Базарбаева сынып жетекшілеріне әлеуметтік мәртебеге сай оқушылардың құжаттарын, яғни ата-аналарының жеке куәліктерімен бірге, әлеуметтік мәртебесін және ең төменгі күн көріс деңгейін анықтайтын құжаттары мен есеп шот нөмірлерін қоса әлеуметтік педагогқа тапсыру керектігі ескертілгендігі жөнінде айтып өтті.

3. Әлеуметтік педагог А.Оңласбек 2023 жылдың тамыз айында жиналған ата-аналардың  өтініштері қабылданып,  оның   ішінен  әлеуметтік мәртебесіне қарай іріктеліп 34 білім алушыға бір реттік қосымша қаржылай көмек берілуге ұсынылғанын айтты.

3. Әлеуметтік педагог А.Оңласбек «Қамқоршылық кеңесі»-мен бірге тексеру жұмыстарын жүргізіп, жоғарыда айтылған 403 баланың  әлеуметтік жағдайы ескеріліп «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес» бір реттік қаржылай көмек алуға құқығы бар деп тапты.

ШЕШІМ1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес» жыл сайынғы дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясы барысында мектеп жасындағы тұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отбасының балаларына «Жалпыға міндетті білім қорынан бөлінген бір реттік қосымша қаржыға лайық деп табылған 403 балаға берілсін.

2. Қаржылай  көмек көрсетілетін оқушылардың тізімі мен ата-аналарының есеп шот нөмірі бас есепшіге өткізіліп, ақшаның  уақытылы   аударылуын  қадағалау әлеуметтік педагог А.Оңласбекке жүктелсін.        

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы                           Ж.Ю.Хасанов 

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі                     Е.Д.Камалов

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі                     Ж.П.Божбанов

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі                     В. Е.Пернекулова

Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы         Н.Д.Камалов 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары                        Н.Базарбаева

Әлеуметтік педагог                                                                  А.Оңласбек

Хатшы                                                                                       Ұ.Ә.Сабыр

                 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив